Авторларға Нұсқаулық
Толық мақаланы қарастыруға жіберу үшін Springer конференция жинағының еңбектері форматын сақтау керек және көлемі 6-10 бет болуы тиіс. Барлық жіберілген мақалалар мұқият тексеруден өтеді және қабылданған жұмыстар Asian MMS 2024 конференциясының еңбектер жинағында жарияланады. Конференция материалдары «Mechanism and Machine Science» Springer кітаптар бөлігі ретінде «Advances in Asian Mechanism and Machine Science - Proceedings of the 7th IFToMM Asian Mechanism and Machine Science Conference 2024.» тақырыбымен жарияланады.

Жұмысты қабылдағаннан кейін авторлар жариялаудың екі түрінің арасында таңдауға ие болады: «Жариялауға арналған стандартты лицензия» немесе «Ашық таңдау (CC Attribution 4.0)». Стандартты лицензия ешбір қосымша жариялау ақысын талап етпейді, дегенмен AsianMMS2024 үшін тіркеу жарнасы әлі де талап етіледі. Егер авторлар Open Choice параметрін таңдаса, олар AsianMMS2024 үшін тіркеу жарнасына қосымша ретінде Springer компаниясына 2 170 EUR Open Access жарнасын тікелей төлеуі керек.

Мақала дайындау үшін Springer Proceedings авторларына арналған ақпаратымен таңысуынызды сұраймыз. LaTeX пакеті мен Word үлгісі қолжетімді. Жұмыс көлемі 6-10 бет аралығында болйы тиіс.

Қабылданған толық құжаттар IFToMM Asian MMS 2024 беделді үздік сыйлықтарын ұсынуына қарастырылады.

Толық құжатты бастапқы тапсыру 2024 ж. 15 ақпанында аяқталады.
IFToMM Asian MMS 2024 жіберу үшін Springer Nature EquinOCS жүйесіне кіріңіз. Мақала жіберу барысын бастау үшін «Submit Now» түймесін басыңыз. Толық мақаланы жіберу жүйесінде тақырып және авторлар тізімі сияқты метадеректердің дұрыс жазылғанын тексеру бағадарламаға енгізілетін болғандықтан өте маңызды.

Жұмысты жіберу кезінде ұсынылған опциялардан сәйкес санатты таңдауды ұмытпаңыз: «Студенттік емес мақала» немесе «Студенттік мақала». Егер Сіздің ұсынысыңыз студенттік мақала санатына жататын болса, ол «Үздік студенттік мақала» сыйлығына қарастырылу мүмкіндігіне ие болады.

Толық мақалалар 2024 ж. 25 мамырына дейін Springer Nature EquinOCS жүйесінде толық тапсырылуы керек. Қабылдау туралы хабарламалар рецензенттердің пікірлерімен бірге 2024 ж. 15 наурызына дейін жіберіледі. Жұмыстың соңғы нұсқасын дайындаған кезде пікірлерді міндетті түрде ескеру керек.
Толық мақаланы жіберу үшін «Submit Final Version» түймесін басыңыз. Көмек ретінде, EquinOCS конференцияларының авторларына арналған ресми пайдаланушы нұсқаулығының 6-бөлімін қараңыз.

IFToMM Asian MMS 2024 саясатына сәйкес, 2024 жылдың 1 маусым соңғы ұсыну мерзіміне дейін толық мақаланың кемінде бір авторы конференция қатысушысы ретінде тіркелуі тиіс екенін ескеру маңызды. Соңғы мерзімге дейін тіркелмеген авторлардың толық мақаласы IFToMM Asian MMS 2024 еңбектер жинағына шығарылмайды. Сонымен қатар, қорытынды мақаланы жіберу алдында автор келесі санаттар бойынша тіркелуі міндетті: IFToMM мүшесі, IFToMM мүшесі емес немесе Студент. Әрбір тіркелген автор бір толық мақаланы жіберуге құқылы. Егер автор бір мақаладан аса жұмыс жіберуді жоспарласа, әрбір қосымша мақала жіберу үшін толық жарнама төлеу қажет.

Тіркелу туралы толығырақ ақпарат алу үшін тіркеу парақшасына кіріңіз.
Тіркеу 2024 жылдың Наурыз айында басталады.

Made on
Tilda